Қоғам • 21 Ақпан, 2024

Бір айда 84 қылмыскер ұсталды – прокуратура

1153 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қаласы прокуратурасының үйлестіруімен осы  жылдың 15 қаңтары мен 15 ақпаны аралығында «ІЗДЕУ» жедел-алдын-алу іс-шарасы өткізіліп, іздеуде жүрген 84 қылмыскер ұсталды, деп жазады Egemen.kz.

 

Бір айда 84 қылмыскер ұсталды – прокуратура

Фото: gov.kz

«8 ақпанда Алматы облысы Бақанас ауылында Бостандық ауданы бойынша Қытай мен Сингапур азаматтарына қарақшылық жасағаны үшін іздеуде болған күдікті қолға түсті. Сондай-ақ өлімге әкеліп соққан адам денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіргені үшін 2010 жылдан бері іздеудегі адам ұсталды.

Сонымен қатар мегаполистен басқа өңірлерде іздестіріліп жатқан 22 қылмыскер қолға түссе, 17 хабар-ошарсыз кеткен азамат анықталған», деп жазылған ақпаратта.