Білім • 21 Ақпан, 2024

Омарташылар оқуы

144 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Шығыс Қазақстанның таулы өңірлеріне омарташылар ауадай қажет. Олар ара ұстап, балды баптаумен ғана емес, оны түрлендірумен де шұғылдануға тиіс. Сондықтан да С.Аманжолов университетінде «Орман ресурстары, аңшылық және ара шаруашылығы» білім беру бағдарламасы аясында он студент білім алып жүр.

Омарташылар оқуы

Біреу білер, біреу білмес, ке­шегі кеңес үкіметі кезінде Ал­тайдың балын бай-бағландар орталыққа аттай қалап алғызып отырған екен. Сапасы да, саны да өзге өңірлерден әлдеқайда алда еді. Алда болмағанда ше?! Таулы өлкенің мың түрлі гүлінен алынған бал – дәм ғана емес, ем де. Алайда брендті бизнеске айналдырумен шектелмей, оның сапасын ұстап тұруды да омарта шаруашылықтары күн тәртібінен түсірмеуі тиіс. Теориялық білім алған студенттер қазіргі уақытта омарта шаруашылығында арнайы практикадан өтіп жүр.

– Қыс мезгілінде студенттер бал өнімдерін арнайы құрылғымен қаттайды, қаптайды, жапсырма қағаздарын жапсырады. Біздің шаруашылықта омартаға қажетті техниканың барлық түрі бар. Демек, студенттер білікті маман болып шығады, – дейді «Пасека» омарта шаруашылығының қыз­меткері Раиса Қасымбаева.

Шығыста туризм саласы дамы­ған сайын балға сұраныс артып келеді. Сұраныс артқанымен, омар­ташы мамандар қат. Ертеңгі күні барымызды, балымызды жоғалтып алмау үшін арашыларды бүгін дайындап жатыр.

Практиканттар сонымен қа­тар жаз мезгілінде бал шайқау­ға қатысады. Омарталарды жабдық­тап, араны күтіп-баптаумен айна­лысады. Айта кетейік, кейін сту­дент­терде өздері қалаған тәжі­ри­бе базаларында жұмысқа орна­ласуға мүмкіндік бар. Жалпы, С.Аманжолов университеті тү­лек­терінің жұмысқа орналасу көрсет­кіші 98 пайызды құрайды.

 

Шығыс Қазақстан облысы