Оқиға • 22 Ақпан, 2024

Мүмкіндігі шектеулі студенттерге мерзімі өткен азық-түлік берген колледж анықталды

210 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облысының прокуратурасы Кентау қаласында орналаcқан «Арнайы кәсіптік колледжде» оқитын 80 ерекше баланың құқықтары өрескел бұзылғанын анықтады, деп жазады Egemen.kz.

Мүмкіндігі шектеулі студенттерге мерзімі өткен азық-түлік берген колледж анықталды

Фото: Арнайы кәсіптік колледж. Facebook

Бұл колледж елімізде мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған оңалту және білім беру қызметтерін ұсынатын жалғыз колледж. 

Тескеріс нәтижесінде колледж басшылығы ұзақ уақыт бойы заңнама талаптарын бұза отырып, ерекше студенттерді мемлекеттік қызметтермен талапқа сай қамтамасыз етпегені белгілі болды.

Колледжде сабақ беретін мұғалімдер біліктілік деңгейіне сай келмеген және мекемеде санитарлық және өртке қарсы нормалар сақталмаған.

Сондай-ақ колледж ұжымы студенттерге мерзімі өткен азық-түлік пен медициналық препараттарды қолданған.

«Медициналық қарсы көрсетілімдері мен шектеулері бар талапкерлерді оқуға заңсыз қабылдау фактілерін біле тұра, Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшылары тиісті шаралар қабылдамаған. Тексеру нәтижесінде заң бұзушылықтарды жою және бала құқықтарын қорғау мақсатында облыс прокуратурасы 5 прокурорлық ден қою актісін облыс әкімдігіне және мемлекеттік органдардың аумақтық департаменттеріне енгізді», делінген прокуратура хабарламасында.