Спорт • 25 Ақпан, 2024

Әлем кубогінде топ жарды

71 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Германияның Котбус қаласында  спорттық гимнастикадан  әлем кубогінің кезеңі өтіп,  отандасымыз  Нариман Құрбанов  жеңіске жетті, деп жазады Egemen.kz Ұлттық олимпиадалық комитетке сілтеме жасап.

Әлем кубогінде топ жарды

Фото: olympic.kz

Жерлесіміз гимнастикалық ат снарядында шеберлігін паш етіп, 15.433 ұпаймен жеңіске жетті. Иордания спортшысы екінші,  Оңтүстік Корея атлеті үшінші сатыға орнықты. Нариман бұған дейін Каирде (Мысыр)  өткен әлем кубогінің кезеңінде 5-орынды місе тұтқан болатын.