Спорт • 25 Ақпан, 2024

Сыртта өткен тартыс. Суперкубок «Тобылға» бұйырды

230 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Футбалдан Қазақстан Суперкубогінің иегері анықталды, деп жазады Egemen.kz.

Сыртта өткен тартыс. Суперкубок «Тобылға» бұйырды

Фото: sports.kz

Түркияның Анталья қаласында өткен Қазақстан   Суперкубогі   матчында  былтырғы ел чемпионы шымкенттік «Ордабасы» мен Қазақстан кубогінің иегері  қостанайлық «Тобыл» тартысқа түсті.

Негізгі уақыт 1:1 есебімен түгесіліп, пенальти сериясында  Милич  Чурич баптайтын  қостанайлық клуб 5:4 есебімен  жеңіске жетті. «Тобыл» футбол клубы осымен үшінші рет Суперкубокті иеленді. Еліміздің Суперкубогі  үшін тартыс  тұңғыш рет  өзге мемлекетте өтті.