Оқиға • 26 Ақпан, 2024

Жалақыдан жымқырған. 15 млн теңгені қолды еткен әкімдік қызметкерлері анықталды

1074 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Целиноград ауданының прокуратурасы Қараөткел ауыл әкімдігінің лауазымды қызметкерлері 3 жыл бойы бюджет қаражатын заңсыз иеленіп келгенін анықтады. Олар әкімдік қызметкерлеріне тиесілі 15 млн теңгені өзара бөліскен, деп жазады Egemen.kz.

Жалақыдан жымқырған. 15 млн теңгені қолды еткен әкімдік қызметкерлері анықталды

Фото: azattyq-ruhy.kz

Аудандық прокуратура қызметтік тексеріс барысында бюджет қаржысының талан-таражға түсу фактісін тіркеді. Әріптестерінің жалақысын жымқырып келгендерге қатысты ҚР Қылмыстық Кодекстің 189-бабы 2-тармағының 4-бөлігі (аса ірі мөлшерде жымқыру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Кінәлілердің қылмысы заң жүзінде дәлелденсе мүлкі тәркіленіп, 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалады.