Спорт • 26 Ақпан, 2024

«Жоспарымды іспен дәлелдеп үйренгенмін». Головкин қызметіне қатысты пікір білдірді

240 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин Ұлттық олимпиада комитетінің Президенті болып сайланды. Комитеттің Бас ассамблеясында спортшы қызметтегі нәтижесін сөзбен емес іспен көрсететінін, оған халықаралық тәжірибесі септесетінін тілге тиек етті, деп жазады Egemen.kz kaz.inform.kz сайтына сілтеме жасап.

«Жоспарымды іспен дәлелдеп үйренгенмін». Головкин қызметіне қатысты пікір білдірді

Фото: ҰОК

Геннадий Головкин сөзінің басында туған жеріне қызмет ету өзі үшін жоғары мәртебе екенін атап өтті. Ол халықаралық деңгейде жинаған тәжірибесін, өз елінде қолдану көптен бергі қалауы болғанын жасырмады.

«Маған Қазақстан Ұлттық олимпиадалық комитетін басқаруды ұсынғанда, қазақ спортын дамытуға өз үлесімді қосуға мүмкіндік берсе ғана, кандидатурамды ұсынатынымды айттым. Өздеріңіз білетіндей, мен саясаткер де, шенеунік те емеспін. Өз ойымды, жоспарымды сөзбен емес, іспен дәлелдеп үйренгенмін. Осы орайда, менің өз көзқарасым, жылдар бойы жиналған халықаралық тәжірибем барын, команда барын айтқым келеді. Ал ең бастысы және менің көптен бергі қалауым – барлығын өзімнің туған елімде жүзеге асыру», деді ол.