Аймақтар • 27 Ақпан, 2024

Жетісуда 34 интернет-алаяқтық оқиғасы тіркелді. Залал – 25 млн теңге

171 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өткен айда облыс аумағында 34 интернет-алаяқтық дерегі тіркелді. Алаяқтықтың негізгі түрі «ОЛХ», «Instagram» интернет-сайттарында онлайн-сатып алулар, «банк қызметкерлерінен» қоңыраулар, жеке деректерді иемдену және несие рәсімдеу арқылы болған.

Жетісуда 34 интернет-алаяқтық оқиғасы тіркелді. Залал – 25 млн теңге

Жасалған алаяқтық нәтижесінде өңір тұрғындарына келтірілген залал көлемі 25 млн теңгеден асты.

– Алаяқтықты анықтау – көп еңбекті қажет ететін жұмыс, өйткені қылмыскерлер күн сайын алдаудың барлық жаңа тәсілдерін ойлап тауып, жасаған заңсыз әрекеттерінің іздерін жасыруда. Осыған байланысты алаяқтықпен күресудің ең тиімді жолы оны алдын алу мен халықты ескерту болып табылады. Осыған орай, 15 ірі супермаркетте, 26 бағыттағы 187 автобуста, орталық арбатта орнатылған дауысты зорайтқыш құрылғылар арқылы тұрғындарға сақ болу, ешбір жағдайда және ешқандай сылтаумен жеке басын куәландыратын деректері мен банк карталарының мәліметтерін белгісіз тұлғаларға бермеу туралы ақпарат жеткізілуде, – деп атап өтті Жетісу облысы ПД бастығы С.Құсаинов.

6

Осыған орай тұрғындар арасында интернет-алаяқтықтың алдын алуға бағытталған іс-шаралар тұрақты түрде өткізіліп жатыр. Азаматтарға барынша ықпал ету үшін барлық әсер ету құралдары қолданылуда.