Үкімет • 27 Ақпан, 2024

2035 жылы Астана тұрғындарының саны қанша болатыны айтылды

168 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үкімет отырысында елорда мен Ақмола облысының даму жоспарларын сәйкестендіретін бірыңғай қала құрылысының өрісі талқыланды, деп жазады Egemen.kz.

2035 жылы Астана тұрғындарының саны қанша болатыны айтылды

Фото: KZgovernment

Үкімет отырысында Астана агломерациясын дамытудың 2024-2028 жылдарға арналған кешенді жоспары қаралды. Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров  соңғы 10 жылда елорда тұрғындарының саны 46%-ға артқанын айтты. Болжам бойынша, 2035 жылға қарай Астанада тұрғындарының саны 2,3 млн адамға жетпек. Агломерацияны аумақтық дамыту шеңберінде бірыңғай қала құрылысы саясатын әзірлеу және елді мекендердің әкімшілік шекараларын белгілеу жоспарланып отыр.  

«Қосшы қаласында 1 200 орындық мектеп, 280 орындық балабақша және 350 төсек-орындық көпбейінді аурухана салынады. Елордада инвесторлардың өз қаражаты есебінен 900 студентке арналған тау-кен техникалық колледжін және балаларды оңалту орталығын салу жоспарда бар», деді Н.Байбазаров.

Ауылдық жерлерде бірқатар әлеуметтік нысан, соның ішінде 9 мәдениет үйі мен медициналық-санитариялық алғашқы көмек орталығы бой көтереді. Агломерация аясында экоқалашықтар құру көзделіп отыр. 940 гектардан асатын аумақта шағын бизнесті жүргізуге арналған үй-жайлары бар тұрғын үйлер салынады.