Тағайындау • 28 Ақпан, 2024

Астана қаласы Есіл ауданының әкімі тағайындалды

196 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президент Әкімшілігінің және қалалық мәслихат депутаттарының келісімі бойынша меритократия қағидатына сәйкес, Астана қаласы Есіл ауданының әкімі лауазымына 42 жастағы Дарменияр Қыдырбекұлы тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Астана қаласы Есіл ауданының әкімі тағайындалды

Фото: gov.kz

Еңбек жолын 2006 жылы «Мүлһин» Қоры» қоғамдық бірлестігінде бастаған ол әр жылдары қоғамдық және жеке құрылымдарда жұмыс істеді.

29.08.2012 - 06.02.2013 аралығында «Жетісу ӘКК» ҰК» АҚ (Талдықорған қ.) басқарма төрағасының орынбасары лауазымын атқарды.

07.02.2013 - 18.03.2013 – Талғар ауданы (Алматы облысы, Талғар қаласы) әкімінің көмекшісі болып жұмыс істеді.

18.03.2013 - 15.11.2019 жылдар аралығында Талғар ауданы әкімінің орынбасары (Алматы облысы, Талғар қаласы) болды.

Аталған тағайындауға дейін 2019 жылдың 19-ыншы қарашасынан бастап – Астана қаласы Есіл ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.