Қоғам • 01 Наурыз, 2024

Астанадағы компьютерлік клубта өрт шықты

46 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін елордалық өрт сөндірушілер компьютерлік клубта болған өртті дер кезінде сөндірді, деп хабарлайды Egemen.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Астанадағы компьютерлік клубта өрт шықты

Фото: massaget.kz

Ведомство мәліметінше өрт Нұра ауданы, 201 көшесі бойындағы компьютерлік клубта болған. Өрт сөндірушілер келгенге дейін клуб ішіндегі адамдар өздері далаға шығып үлгерген.

«Сағат 04:24-те өрт оқшауланып, 06:15-те сөндірілді. Өрт алаңы 150 шаршы метрді құрады. Өртті сөндіруге ТЖД жеке құрамынан 24 адам мен 5 бірлік техника жұмылдырылды», делінген хабарламада.