Жемқорлық • 01 Наурыз, 2024

Банк қызметкері клиенттерін 35 миллион теңгеге алдап кетті

159 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Аягөзде банк қызметкері клиенттерге тауарлық несие беріп, ақшаны өзінің есепшотына аударған. Сот үкіміне сәйкес, ол 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Аталған оқиғаның мән-жайы туралы Абай облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің (ҚАЖД) өкілдері айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz

Банк қызметкері клиенттерін 35 миллион теңгеге алдап кетті

фото: uralskweek.kz

Пробация қызметінің басшысы Ермек Қалиевтің айтуынша, 24 жастағы банк қызметкері клиенттерге тауарлық және ақшалай несие берген.

«Қызметкер онлайн режимінде несие алуға өтініш берген. Қажетті соманы толтырып, ақшаны банктегі шотына аударған, ал клиенттерге несие беруден бас тартылғанын хабарлаған. Ол қала тұрғындарынан 200 мыңнан 2 миллион теңгеге дейін сауда несиелерін өз үлесіне өндіріп алған. Осылайша, ол Аягөз қаласының 29 тұрғынын алдап, жалпы сомасы 35 миллион теңгеден астам материалдық шығын келтірген», деді Қалиев.

Сот оны ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша кінәлі деп тауып, 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырды.

«Сотталған әйелдің кәмелетке толмаған үш баласы бар екенін ескере отырып, үкімнің орындалуы бір жыл алты айға кейінге қалдырылды», деп қосты Ермек Қалиев.