Фото: видеодан скрин
27 қаңтар күні әлеуметтік желіде жедел жәрдем жүргізушісі соққыға жығылғаны бейнеленген видео тараған еді.
Оқиғадан соң күдікті бой тасалап, 1 ақпанда қолға түсті.
Соңыра жәбірленуші Төреғали Берікқалиұлы Нұрболат Дәкебаевты кешіретінін мәлімдеді, алайда құзырлы орган оның жазасыз қалмайтынын хабарлады.
Күдіктінің әрекеті бастапқыда «Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру» бабы бойынша қаралды, ал қазір «Бұзақылық» дерегіне ойысты. Алғашқы бапта 3 жыл бас бостандығынан айыру жазасы көзделсе, «Бұзақылық» бабында 2 жыл қамауда ұстау жазасы қарастырылған.
Аталған іс бойынша сот тыңдалымы шамамен 6 наурыз күні, ашық форматта өтеді.