Бұл жинақтың оқырманға беретін танымдық тәлімі мол. Автор шығарма бас кейіпкерінің басынан өткен қилы тағдырды көркем бейнелеген. Туындыда Мұртаза тылсым табиғаттың күшімен қару-жарақсыз, құрал-саймансыз тас дәуірінде қарт Қаратауды мекендеген жабайы адамдармен бірге бір жарым жыл түрлі қызықты басынан өткізіп, елге аман-есен оралғаны туралы шынайы баяндалған.
«Бұл кітап – Мұртазаның ауызша айтқан әңгімесінің қоспасыз көшірмесі. Сондықтан жинақтың негізгі авторы – Мұртаза. Көп оқырман оның айтқан оқиғаларына сенбеуі мүмкін. Себебі адам сенбес шындықты айтсаң, ол өтірікке айналады. Ал адам сенер өтірікті айтсаң, ол шындыққа айналады. Бірақ мұндағы жазылған дүниенің бәрі – ақиқат», деді автор.
Іс-шара барысында Парламент Сенатының депутаты Нұртөре Жүсіп және тағы басқа да елімізге танымал азаматтар Сейіт-Қасым Байбековтің ғылым мен жазу өнерін қатар алып жүрген еңбекқорлығын жоғары бағалап, ізгі лебіздерін білдірді.