Аймақтар • 05 Наурыз, 2024

Атырау мұнай өңдеу зауытының экс-басшысы үйқамаққа алынды

1352 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау мұнай өңдеу зауытының бұрынғы бас директоры Мұрат Досмұратов үйқамаққа алынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырау мұнай өңдеу зауытының экс-басшысы үйқамаққа алынды

Бұған дейін БАҚ Мұрат Досмұратовтың қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін 72 сағатқа қамауға алынғанын хабарлаған еді. Сондай-ақ Досмұратовтың ұсталуының Атырау мұнай өңдеу зауытындағы соңғы оқиғаларға қатысы жоқ екені атап өтілді.  Айта кетейік, бұған дейін зауыттың бас директоры Ғалымжан Жусанбаев пен орынбасары, бас инженер Әділет Шошанбасов қызсметінен босатылған еді.

«Ақ Жайық» газеті жазғандай, қазір «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС басшылығына мемлекетке аса ірі көлемде залал келтіру түріндегі ауыр зардаптарға әкеп соққан лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны үшін сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.