Аймақтар • 06 Наурыз, 2024

Қыз зорлады деп айыпталған бұрынғы полиция басшысы сотта есінен танып қалды

1592 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қыз зорлады деп айыпталған Талдықорған қалалық полиция басқармасының бұрынғы басшысы Марат Күштібаевты сот залынан жедел жәрдем көлігімен алып кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қыз зорлады деп айыпталған бұрынғы полиция басшысы сотта есінен танып қалды

Оқиғаның видеосы алдымен әлеуметтік желілерде пайда болды. Зембілмен көтеріп кетіп бара жатқан адамның Марат Күштібаев екені айтылған.

«Жетісу облыстық сотының баспасөз қызметі сот отырысы кезінде айыпталушы К.-ны жедел жәрдем көлігімен алып кеткені туралы ақпаратты растайды. Қазіргі уақытта ол кардиологиялық орталықта дәрігерлердің бақылауында. Осыған байланысты сот отырысы кейінге қалдырылды», деп түсіндірді Жетісу облыстық соттан.

Еске салайық, өткен жылы қарашада Талдықорған қалалық полиция басқармасының бұрынғы бастығы Марат Күштібаев 27 жастағы қызды зорлады деген күдікпен ұсталды.

Оған қатысты Қылмыстық кодекстің 120-бабы 2-бөлігі (Қызметтік міндеттерін орындау кезінде жасаған зорлау) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Кейін ол екі айға қамауға алынды.

Соңғы жаңалықтар

Бағзыдан жеткен балбал тас

Жәдігер • Бүгін, 09:00

Шашубайдың тамы

Әдебиет • Бүгін, 08:55

Халық мұғалімі

Зерде • Бүгін, 08:52

Парасат биігіндегі ғұмыр

Тұлға • Бүгін, 08:50

«Айқаптағы» Мағжан өлеңдері

Әдебиет • Бүгін, 08:48

Сөз сайысындағы сатира

Мирас • Бүгін, 08:45

Қылқаламдағы қала тынысы

Көрме • Бүгін, 08:43

Құқықтық сауатты арттыратын алаң

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 08:40

Үш айда 32 адам қаза тапты

Қоғам • Бүгін, 08:25