Жануарлар • 06 Наурыз, 2024

ШҚО-да манул мысығы фото тұзаққа түсіп қалды

433 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи саябағының аумағында сабаншы (манул-дала мысығы) фото тұзаққа түсіп қалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

ШҚО-да манул мысығы фото тұзаққа түсіп қалды

Фото: katonkaragai.semi/instagram.com

Мамандар саябақтағы фото тұзақтардың әртүрлі аумақтарда орнатылғанын атап өтті. Манул соңғы рет жасырын камераға 2015 жылы түскен еді.

«Бұл Арчатинск орман шаруашылығында түсірілген алғашқы кадрлар. Әдетте камераға сілеусін мен қар барыстары түсіп қалатын. Жыртқыш мысықтар бұған дейін фото тұзаққа ілінбеген еді», деп жазды Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің баспасөз қызметі.

Айта кету керек, сабаншы жабайы мысығы (манул) көзге көп көрінбегендіктен және популяциясының төмен тығыздығына байланысты нашар зерттелген.

Сыртқы түрі мен өлшемі бойынша сабаншы мысығы үй мысығына ұқсайды. Десе де оның өз ерекшеліктері бар. Оның жүні ұзын әрі қалың келеді, табандары мен дене бітімі үй мысығынан ерекшеленеді.

Бұл жануарлар үшін үй жағдайлары қолайсыз, сол себепті олар қолға үйретілмейді. 

Сабаншы мысығы барлық жерде сирек кездеседі, оның саны азайып барады. Ал кейбір жерлерде оның жойылу қаупі бар. Бұл мысық түрін аулауға барлық елде тыйым салынған.