Оқиға • 07 Наурыз, 2024

Қоғамдық резонанс: Қарағандыда таяқ жеген жедел жәрдем жүргізушісі 5 млн теңге сұрап отыр

569 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

27 қаңтар күні жедел жәрдем жүргізушісін соққыға жыққан Нұрболат Дәкебаевтың сот процесі басталды. Оқиғадан соң араға уақыт салып жәбірленуші күдіктіні кешіретінін айтқанмен, денсаулығына келген залал мен моральдық шығынды өтеу үшін айыпталушыдан 5 млн теңге талап етті, деп жазады Egemen.kz.

Қоғамдық резонанс: Қарағандыда таяқ жеген жедел жәрдем жүргізушісі 5 млн теңге сұрап отыр

Фото: видеодан скрин

Қылмыстық іс «Бұзақылық» бабы бойынша қаралып жатыр. 

ktk.kz жәбірленуші Төреғали Берікқалиұлы материалдық шығын өндіру үшін арнайы қорғаушының қызметіне жүгінгенін хабарлады.

«Бәрінің заңды болғанын қалаймыз. Қорғауымдағы азамат бір рет ота жасады. Төреғали Берікұлы әлеуметтік желіде өзін ұрған азаматты кешіретінін айтты. Бірақ соққы қатты ауыр болған. Денсаулығына зақым келген. Моральдық шығын өтеп беруін талап ету маңызды. Оның мұрнына екінші рет ота жасалады», деді жәбірленушінің қорғаушысы Бағдат Хасенов.

Төреғали Берікқалиұлы сот залында ауыр соққылардың денсаулығына төндірген қаупін анықтау үшін медициналық сараптама жасатуды ұсынды.