Аймақтар • 07 Наурыз, 2024

Жетісу облысында өртеніп жатқан үйден екі бала құтқарылды

90 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Жетісу облысы Алакөл ауданы Үшарал қаласында көппәтерлі тұрғын үйден өрт шықты. Өрт сөндірушілер келгенге дейін 40 азамат, оның ішінде 16 бала тұрғын үйден өз бетінше эвакуацияланған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жетісу облысында өртеніп жатқан үйден екі бала құтқарылды

Фото: видеодан скриншот

Оқиға бүгін сағат 10:18-де болды. Өрт сөндірушілер баспалдақ маршымен 2 азаматты, үш тізелі баспалдақпен 2 баланы құтқарды. Бұдан соң олар жедел медициналық көмек қызметкерлеріне тапсырылды.

«Өрт сөндіру бөлімдері келгенге дейін 40 азамат, оның ішінде 16 бала тұрғын үйден өз бетінше эвакуацияланған. Өрт сағат 10:57-де сөндірілді», делінген облыстың ТЖД хабарламасында.