Қоғам • 08 Наурыз, 2024

«Учаскеде су өткізгіш құбыр жоқ»: Автожолда су өту дерегі анықталды

173 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін сағат 17.00-де республикалық маңызы бар А-26 «Қандыағаш-Ембі-Шалқар-Ырғыз» автожолының 194 шақырымы тұсында температураның жылынуы және еріген қар суы салдарынан су өту дерегі анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz «ҚазАвтоЖол» мәліметіне сілтеме жасап.

«Учаскеде су өткізгіш құбыр жоқ»: Автожолда су өту дерегі анықталды

Фото: Видеоскрин, «ҚазАвтоЖол»

Алдын ала ақпарат бойынша, еріген қар суының ені - 20 м., биіктігі – шамамен 3-5 см.

Аталған учаскеде су өткізгіш құбыр жоқ. Еріген қар суының жүруін жою бойынша орнына ДЭУ-13 күші жұмылдырылды.

Бүгінгі сағат 19:00 бойынша барлық республикалық маңызы бар автожолдар ашық, қозғалысқа шектеу жоқ.