Құтқарушы • 09 Наурыз, 2024

«Инсульт алған»: Патрульдік инспекторлар жүргізушіні құтқарды

141 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарағандыда тәртіп сақшылары инсульт алып, есінен танып қалған жүргізушіні құтқарды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Инсульт алған»: Патрульдік инспекторлар жүргізушіні құтқарды

Фото: Polisia.kz

Polisia.kz-тің мәлім етуінше, 8 наурыз күні патрульдік инспекторлар Ақжаркен Мұқажан мен Берік Кеңесовке 19-ықшам ауданның қиылысында төтенше жағдай болғаны туралы хабарланған.

Екі инспектор оқиға орнына келген уақытта қиылыста жол шетіндегі бордюрға  шығып бір дөңгелегі айналып оталып тұрған көлікті көрген.

«Көліктің барлық есігі бұғатталып қалған екен. Көліктің алдыңғы жолаушы отыратын терезесін сындырып ішке кірдім. Әріптесім екеуміз оны сыртқа шығардық. Жүргізушінің денесі құрысып, тілін жұтып қоятындай болып жатты. Оған алғашқы медициналық көмек көрсетіп, демала бастағанда қызметтік көлікпен ауруханаға жеткіздік», деді Ақжаркен Мұқажан.

Анықталғандай, көлік жүргізуші инсульт алған. Дәрігерлер қазіргі уақытта оның денсаулығы қалыпты екенін жеткізді.