Спорт • 09 Наурыз, 2024

Лицензиялық турнир: Бүгін үш боксшымыз шаршы алаңға шығады

183 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Италияның Бусто-Арсицио қаласында өтіп жатқан бокстан әлемдік лицензиялық турнирде Қазақстанның үш боксшысы жұдырықтасады, деп хабарлайды Egemen.kz Бокс Федерациясына сілтеме жасап.

Лицензиялық турнир: Бүгін үш боксшымыз шаршы алаңға шығады

Фото: boxingkazakhstan

Валентина Хальзова турнирдегі алғашқы жекпе-жегін өткізеді. Наталья Богданованы екінші айқасы күтіп тұр. Ал ауыр салмақтағы Айбек Оралбай эквадорлық боксшымен кездеседі.

75 келі: Валентина Хальзова – Бусра Исилдар (Түркия)
18:15 (Қазақстан уақытымен)

66 келі: Наталья Богданова – Анета Рыгиелка (Польша)
23:45 (Қазақстан уақытымен)

92 келі: Айбек Оралбай – Хулио Сесар Кастильо Торрес (Эквадор)
Шамамен 01:15 (Қазақстан уақытымен)

Аталған жекпе-жектерді boxingkazakhstan инстаграм парақшасының тікелей эфирінен тамашалауға болады. Сондай-ақ Qazsporttv телеарнасында да тікелей көрсетілім жүргізіледі.