Фото: gov.kz
Өткен түнде 1,2 мыңнан аса рейс арқылы қаладан полигондарға 17,4 мың текше метр қар жеткізілді. Қыс мезгілі басынан бері полигондарға 445,3 мың рейспен 6 млн текше метрден астам қар шығарылған.
Қар күреу жұмысы тәулік бойы ауысымдық режимде жүргізіліп, бірінші кезекте орталық көшелерде, жолаушылар көлігі жүретін жолдарда, аялдамаларда, тротуарларда тазалау жұмысы жүргізіліп жатыр.
Қалада бірнеше жабдықталған қар полигоны бар. Олар самосвал техникасының нөмірлік белгілерін оқу жүйесімен жабдықталған, мұнда бейнебақылау камералары орнатылған, жарықтандыру қосылған.
«Қазгидромет» РМК мәліметінше, Астана қаласында 9 наурызда күндіз жауын-шашын, ал түнде және таңертең тұман болатыны болжанған.