Суретті түсірген – Ерлан ОМАР, «EQ»
«Біздің министрлік оқушыларды қосымша біліммен қамту бойынша кешенді жұмыс жүргізіп отыр. Өткен жылы ғана елімізде 9 қосымша білім беру орталығы ашылды. Биыл олардың саны 11-ге көбейеді. Жалпы, 2027 жылға дейін 100 қосымша білім беру орталығын іске қосу жоспарда бар», дейді Оқу-ағарту министрлігі Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаментінің директоры Меруерт Медетбекова.
Биыл балаларды қосымша біліммен қамтуды 85 пайызға дейін арттыру жоспарланған. Бүгінде елімізде барлығы 1625 мектептен тыс ұйым жұмыс істейді. Онда әртүрлі бағыт бойынша үйірмелердің 380 түрі ұсынылған. Соның ішінде ғылыми-техникалық, музыкалық, көркемдік-эстетикалық, экология-биологиялық, туристік-өлкетану, әскери-па-
триоттық, әлеуметтік-педагогикалық және басқа да үйірмелер бар.