Ауа райы • 11 Наурыз, 2024

Елдің басым бөлігінде күн суып, екпінді жел соғады

530 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«Қазгидромет» РМК синоптиктері 14 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елдің басым бөлігінде күн суып, екпінді жел соғады

Фото: Qazaqstan TV

Мамандар ұсынған ақпаратқа сәйкес, ертең, 12 наурызда Астанада тұман түседі.

Батыс Қазақстан облысының шығысында көктайғақ болады. Облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түседі.

Қызылорда облысының орталығында, оңтүстігінде, күндіз облыстың солтүстігінде көктайғақ болады. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, күндіз күші секундына 15-20 метрге жетеді.

Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында нөсер жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Шымкентте де нөсер жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 метрге жетеді.

Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі.

Абай облысының батысында, солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, күндіз облыстың орталығында, оңтүстік-батысында екпіні секундына 23 метрге дейін жетеді.

Күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстік-шығысында жаяу бұрқасын жүреді. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстік-шығысында тұман болады.

Қостанай облысында қар жауып, оңтүстігінде жаяу бұрқасын жүреді. Облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15 метрге жетеді.

Павлодар облысында қар жауады, облыстың оңтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Түнде және таңертең тұман болады. Солтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, орталығында жаяу бұрқасын жүреді, оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с болады.

Болжамға сәйкес, Жетісу облысының солтүстік-батысында, таулы аудандарында тұман болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында соғатын желдің екпіні 25 метрге жетеді.