Қоғам • 12 Наурыз, 2024

Атырау тұрғыны жаңа туған сәбилерін сатумен айналысқан

270 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жаңа туған нәрестелерді сату ісі бойынша сотталған бес адамға қатысты үкім өзгеріссіз қалдырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырау тұрғыны жаңа туған сәбилерін сатумен айналысқан

Фото: pixabay.com

Іс материалдарына сәйкес, жаңа туған балаларын сатқаны үшін Атырау тұрғыны сегіз жылға бас бостандығынан айырылды. Сәбилерді сатып алған екі жұп шартты түрде сотталды.

Әйел бірінші ерлі-зайыптыларға сәбиін сатты. Ол екінші рет жүкті болған кезде құрсағындағы баласын бірден екі ерлі-зайыптыларға ұсынады. Олардан 2 миллион 300 мың теңге алған соң із-түзсіз жоғалып кеткен. Ол баласын үшінші отбасына сатып үлгерген. Екі баланың да асырап алған ата-анасы туу туралы куәліктерге өз есімдерін жазып қойған.

«Іс сотталғандар мен адвокаттардың сот үкімін бұзып, ақтау үкімін шығаруды сұраған өтініштері негізінде қаралды. Алқа үкімді өзгертуге немесе жоюға негіз таппады», деп хабарлады Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі.

Бірінші сатыдағы соттың үкімі өзгеріссіз қалдырылды.