Білім • 14 Наурыз, 2024

Білім саласы – бақылауда

756 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Астана қаласы мен Ақ­мола облысындағы білім ошақтарын ара­лап, техникалық және кәсіптік білім беру ұйым­дарының жұмы­сы­мен танысты.

Білім саласы – бақылауда

Министр ат басын бұр­ған елді мекеннің бірі – Қор­ғалжын ауданы. Онда механизатор, ас­паз, дәнекерлеуші және компью­терлік-аппараттық қам­­­тамасыз ету операторын дайындайтын агробизнес және сервис колледжі бар. Аудан орталығында орна­лас­қан білім мекемесінде мем­лекеттік тапсырыс бойынша 100-ге жуық студент оқиды. Колледж жұмысымен таныс­қаннан кейін министр оқу орнын трансформациялау және дамыту бойынша бірқатар тапсырма берді.

– Өткен жылы бизнесті тікелей қолдаудың нәти­же­сінде еліміздегі 75 кол­ледждің материалдық-тех­ни­калық база­сы жаңар­тыл­ды. Бұл тәжірибе жалға­сады. Өңір халқы ауыл шаруа­шы­лы­ғымен айналысатыны белгілі. Сондықтан дәл осы салаға сұранысқа ие кадрларды даярлауға назар аударып, жергілікті кәсіп­орын­дарды тарту қажет. «Talap» КеАҚ басшылығы Ақмола облысының білім басқармасымен бірлесіп осы колледжді трансформация­лау бойынша бірлескен жоба әзірлеуі керек, – деді министр.

Сонымен қатар сапар барысында Ғ.Бейсембаев 640-тан астам оқушы оқи­тын Қорғалжын ауданы орта­лығындағы мектеп-гимназияға барды. Тексеріс нәтижесі бойынша мектеп ішінде барлық техникалық қауіпсіздік шарасы сақталған. Асхана, спортзал, шеберхана, логопед және психолог кабинеті де жоспардағыдай.

Сондай-ақ Оқу-ағарту министрі Астана қаласындағы №59 және №92 жалпы білім беретін мектептердің жұмысымен де танысты. Мұнда педагогикалық қоғам­дас­тықпен кездесіп, орта білім беру, педагогтерді қайта даярлау және біліктілігін арт­тыру жүйесіндегі өзекті мәселелерді талқылады.