Жемқорлық • 15 Наурыз, 2024

Бұрынғы сот орындаушысы өз шотына 6 млн теңге аударып алған

392 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанай облысында бұрынғы жеке сот орындаушысына қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz

Бұрынғы сот орындаушысы өз шотына 6 млн теңге аударып алған

Фото: gov.kz.

Ақпаратты 15 наурызда Қостанай облысының прокуратурасы таратты.

«Бұрынғы жеке сот орындаушысы оны лицензиясынан айырғаннан кейін өндіріп алушыларға берудің орнына жеке шотына 6 млн теңгеден астам ақша аударғаны анықталды», деп хабарлады Қостанай облысының прокуратурасы.

Бұл ақша қаражаттары – борышкерлердің әкімшілік айыппұлдар мен басқа да қарыздар бойынша жұмыс орнынан ұсталған сомалары.

Осы факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.