Фото: elements.envato.com
Синоптиктер 16, 17, 18 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады.
Апта соңында Қазақстанның солтүстік-батысында, шығысында, 17-18 наурыз күндері Қызылорда облысында атмосфералық фронтал бөліктері әсерінен тұрақсыз ауа райы сақталады. Бұл күндері жауын-шашын түседі деп болжанған. 18 наурызда Батыс Қазақстан, Атырау облыстарында жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын, 17 наурызда Маңғыстау облысында нөсер жаңбыр жаууы ықтимал.
«16-17 наурызда Түркістан облысында, 17-18 наурызда еліміздің солтүстік, оңтүстік-шығыс және орталық облыстарында, 18 наурызда Шығыс Қазақстанда жауын-шашын болмайды. Республиканың оңтүстік жартысында ауа температурасы 8-20 градусқа, солтүстік жартысында 0-8 градусқа дейін көтеріледі», делінген «Қазгидромет» хабарламасында.