Пікір • 17 Наурыз, 2024

Елеулі бастама

131 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Халық пен биліктің арасында көпір бола білген құрылтай шынында да елдің бірлігі мен ынтымағын дәріптейтін, соған қызмет жасайтын нағыз шынайы платформаға айналды.

Елеулі бастама

Ауқымды және мағы­налы жиынның алдында әр бағытта бірнеше секциялық оты­рыс өткізіліп, құрыл­тай мүшелерінің түр­лі­ та­қырыптағы пі­кір­­лері тың­далды. Адам­ құқын қорғау, отбасылық зорлық-зом­бы­лықтарға тосқауыл қою, мәслихаттардың рө­лін арттыру, жергілікті қо­ғам­дық кеңестерді нағыз халықтың өкілді органдарына айналдыру туралы нақты пікірлер айтылды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құрылтайда көп­шілік күткендей елі­міз­дің болашағы, тәуел­сіз­ді­гіміздің баянды­лы­ғы жолында жасалынуға тиіс біршама бастаманы тілге тиек етті. Дінімізге, тілімізге қатысты біраз мәсе­ле ашық айтылды.

Ата-бабаларымыздың та­­­­­ри­­хымен бірге жалғасып келе жатқан дінімізден айнымай, мазһабымыздың мақсатын бұзбай, ұлттық нақыштарымызға лайық киім үлгісінен таймай, Ислам дінінің талаптарына берік болуға болатындығын жеткізді. Шындығында да әр адамның иманы – жүрегі мен тілегінде. Соны­мен бірге мыңдаған жыл бойы халқымыздың дәстүрімен бірге жасап келе жатқан Әбу Ханифа мазһа­бы ұстанымынан таймауымыз керектігін Прези­дент ерекше айтты. Қазақ еліне исламды таратып, орнықтырған Ясауи бабамыздың рухани құндылықтарын дәріптеудің тарихи мәні зор екенін, оның кесене­сіне әлемге әйгілі жәдігер ретінде ерекше көңіл бөлу керегін, тіпті жатқан же­ріндегі көк тастың жа­мыл­­ғышын қалпына келтіру тура­лы тапсырмасы елді елең еткізетін жаңалық болды деп есептейміз.

Ал қазақ тілі қазіргі за­манға лайық экономика, өндіріс, техника мен технология тіліне айналуға барынша мүмкіндігі бар екенін Президент анық айтты. Мемлекет басшысының бастамалары арасынан хал­қымыз үшін, әсіресе жас­тарымыз үшін бес жаман әдеттен құтылып, алты құндылыққа ұмтылу қа­жет­тігі туралы бағдарла­ма­лық сөздерін ерекше атап өткім келеді. Үкі­мет пен үкіметтік ор­ган­дар­ға өздерінің жұмыстарын да, мемлекеттік бағдар­ла­маларды да осыған сәй­кестендіру туралы тапсырмалар да берді.

Осы айтылғанның бар­лығы Адал адам форму­ла­сының қағи­даттарына толық сәйкес келеді. Ол –  әділетті Қазақ­станды қалыптастырудың айқын жолы.

 

Әли БЕКТАЕВ,

Сенат депутаты