Экономика • 18 Наурыз, 2024

Қайырымдылыққа жиналған ақшаны бәске тіккендер анықталды

623 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қаржылық мониторинг агенттігі 660 мың ел азаматы өзін «жалған мұқтаж» ретінде көрсеткендерге қаржы аударғанын анықтады, деп жазады Egemen.kz.

Қайырымдылыққа жиналған ақшаны бәске тіккендер анықталды

Фото: Арман Мухатов

Алаяқтар күмәнді мақсаттарына ақша жинау үшін 138 банктік картаны  (краудфандингке) пайдаланған. 

Қаржылық мониторинг агенттігі қайырымдылық мақсатында жиналған 6 млрд қаржының 2 миллиардқа жуығында алаяқтық белгілері бар болуы ықтимал екенін айтты.

«Қаржы негізінен қайырымдылық мақсатта жиналған. «Жалған мұқтаждар» ақшаны жылжымалы және жылжымайтын мүлікті сатып алуға, тұрмыстық шығындарға, букмекерлік кеңселерде бәс тігуге және шетелден қымбат пәтерлерді жалға алуға жұмсайды. Жанашыр азаматтардың жақсы ниеті, алаяқтар үшін оңай табысқа айналуы мүмкін», делінген агенттік хабарламасында.