Қоғам • 18 Наурыз, 2024

«Отбасылық ісіміз»: Орыс келін Анна қазақтың ұлттық киімін тігеді

395 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Анна есімді келіншек ұлттық шапан тігу ісімен айналысады. Бұл туралы Александра Мыскина Facebook парақшасында видео жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Отбасылық ісіміз»: Орыс келін Анна қазақтың ұлттық киімін тігеді

Фото: atr.kz

Аннаның айтуынша, ұлттық киім тігу - оның сүйікті ісі. Ол өзі ғана емес, бүкіл отбасы да киіз пішіп, шапан тігеді. Мәселен, шешесі ұлттық киімнің кескінін сызып берсе, Анна сол кескінге сәйкес киім тігеді. 

Еске салайық, бүгін, 18 наурыз - Ұлттық киім күні. 

Ұлттық киім күні – киім үлгісі арқылы әр адамға өз даралығын білдіруге, сондай-ақ Қазақстанның бірлігі мен мәдени әралуандығын танытуға мүмкіндік береді.