фото: қала әкімдігі
Қала әкімдігінің баспасөз қызметі мұның тек қалалық бағыттарға ғана қатысты екенін түсіндірді, яғни №1, 2, 3, 4, 4М, 5, 6, 7, 8, 9 бағыттағы автобустар. Қоғамдық көліктер бұл күні әдеттегі кесте бойынша таңғы 6:40-тан 21:00-ге дейін қатынайды.
Айта кетейік, биыл Наурыз мейрамында ел азаматтары бес күн демалады – 21, 22, 23, 24 және 25 наурыз. Ұлыстың ұлы күні наурыздың 21-і мен 23-і аралығында тойланады. 23 наурыз сенбіге сәйкес келгендіктен, дүйсенбі, яғни 25 наурыз демалыс күні болып саналады.