Оқиға • 20 Наурыз, 2024

АҚШ-та көз жұмған балуан Мұхамбет Қуатбектің денесі елге жеткізіледі

64 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияр айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

АҚШ-та көз жұмған балуан Мұхамбет Қуатбектің денесі елге жеткізіледі

Фото: massaget.kz

2014 жылы Жасөспірімдер арасындағы екінші жазғы олимпиада ойындарында чемпион атанған еркін күрес балуаны Мұхамбет Қуатбек 27 жасында дүниеден өтті. Осы орайда Сыртқы істер министрлігінің өкілі Айбек Смадияр қайтыс болған спортшының денесі елге қашан жеткізілетінін айтты.

«2024 жылғы 19 наурызда Филадельфия қаласында Қазақстан азаматы қайтыс болғаны туралы ақпарат келіп түсті. Отандасымыздың денесі 16 наурызда Филадельфия қаласының мәйітханасына жеткізілді. Филадельфия қаласының сот-медициналық кеңсесінің мәліметі бойынша өлім жүректің тоқтап қалуынан болған. Нақты ақпаратты күтіп отырмыз. Қазақстанның консулы қайтыс болған азаматымыздың туыстарымен байланыс орнатты. Қазіргі уақытта мәйітті Қазақстанға жеткізу бойынша іс-шаралар ұйымдастырылып жатыр», деді Айбек Смадияр.

Айта кетсек, Мұхамбет Қуатбек Түркістан облысының тумасы еді.