Президент • 21 Наурыз, 2024

Мемлекет басшысы Сейсмологиялық бақылау және зерттеу ұлттық ғылыми орталығының директорын қабылдады

112 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кездесу барысында Дәулет Сәрсенбаев Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа ғылыми орталықтың қазіргі атқарып жатқан жұмыстары жөнінде баяндады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мемлекет басшысы Сейсмологиялық бақылау және зерттеу ұлттық ғылыми орталығының директорын қабылдады

Дәулет Сәрсенбаев былтыр қала аумағында орналасқан 16 сейсмикалық станцияның 11-не 527 миллион теңгеге құрал-жабдық сатып алынғаны туралы мәлімет берді.

2021-2023 жылдарға арналған мақсатты қаржыландыру бағдарламасының нәтижесінде 25 бақылау пункті ашылды. Халықаралық ынтымақтастық аясында 10 жаңа станция ішінара жаңғыртылып, 6 жаңа станция пайдалануға берілді.

Мемлекет басшысы сейсмикалық қауіпсіздік халықты қорғау деңгейіне, экономикалық нысандар мен қоршаған ортаның жай-күйіне әсер ететін ұлттық қауіпсіздіктің негізгі факторы саналатынын айтты. Президент ерте құлақтандыратын озық жүйе енгізуге және сейсмологтардың біліктілігін арттыруға қатысты бірнеше мәселеге назар аударды.

Қасым-Жомарт Тоқаев ғылыми орталыққа жер сілкіністерін болжаудың ғылыми әдістерін қолдану және енгізу жөнінде маңызды міндет жүктелетінін айтты.

Мемлекет басшысы орталықтың жұмысында ғылыми зерттеулерді дамыту және инновациялық технологияларды енгізу қажет екенін атап өтті.