Футбол • 21 Наурыз, 2024

Президент Қазақстан-Грекия ойынын тікелей эфир арқылы тамашалайды

45 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін түнде Қазақстан құрамасының Грекияға қарсы футбол матчын тікелей эфир арқылы тамашалайды. Бұл жөнінде ҚР Президентінің кеңесшісі - баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Президент Қазақстан-Грекия ойынын тікелей эфир арқылы тамашалайды

Фото: kff.kz

«Президент шын жүректен біздің жігіттерді қолдайды және жеңіс үшін қолдан келген барлық мүмкіндігін жасайтынына сенеді», деп атап өтті Берік Уәли.

Футболдан Ұлттар лигасы плей-офф сатысындағы Қазақстан және Грекия кездесуі 21 наурыздан 22-не қараған түні сағат 00:35-те Qazaqstan және Qazsport телеарналарынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Екі құрама 2024 жылғы Еуропа чемпионатының жолдамасы үшін бақ сынайды.