Аймақтар • 23 Наурыз, 2024

БҚО-да балшыққа батқан көлік жолаушылары құтқарылды

42 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

БҚО-да құтқарушылар 17 адамды, оның ішінде 3 баланы құтқарды, деп хабарлайды Egemen.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

БҚО-да балшыққа батқан көлік жолаушылары құтқарылды

Фото: ТЖМ

Осы түнде Қазталов ауданында, Бостандық кентінен 15 шақырым жерде балшық массасында 2 көлік тұрып қалған. 17 адам, оның ішінде 3 бала құтқарылды. Олар Бостандық ауылына жеткізілді. Медициналық көмек қажет болған жоқ.

БҚО ТЖД жеке құрамынан 4 адам және 1 бірлік техника жұмылдырылды.