Елорда • 23 Наурыз, 2024

Наурыз базары: Астанадағы жәрмеңкеге екінші күні 42 мың адам келді

518 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Наурыз базары» жәрмеңкесі жұмысының екінші күні ЭКСПО халықаралық көрме орталығына 42 мың адам келді, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Наурыз базары: Астанадағы жәрмеңкеге екінші күні 42 мың адам келді

Фото: Астана әкімдігі

Қазақстан астанасына зергерлер, қыш шеберлері, керамика, тас және т.б. мамандары, сол сияқты кілем тоқу бойынша сарапшылар, Түркия, Иран, Әзербайжан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Қырғызстан елдерінен халық музыкалық аспаптарын жасаушылар жиналды.

«Наурыз базары» жәрмеңкесіне қатысушылар этностильдегі киім топтамаларының, зергерлік бұйымдардың, керамика, металл, киіз және жібектен жасалған заттарды, кәдесыйларды ұсынды.

Еліміздің өңірлерінен келген фермерлер азық-түлік жәрмеңкесіне 200 тоннадан астам өнім, оның ішінде ет және сүт өнімдері, көкөністер мен жемістер, бал және т.б. әкелді.

«Наурыз базары» аясында шығыс тағамдары фестивалі өтіп жатыр, онда астаналықтар мен қонақтар наурыз көже, палау, бауырсақ және басқа да ұлттық мерекелік тағамдардан дәм татты.

22 наурызда жәрмеңке барысында елорда тұрғындары мен қонақтарына арнап 1,7 тоннадан астам палау және 500 литрден астам наурыз көже дайындалды.

Жәрмеңке 23 наурыз күні сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін өтеді.