Аймақтар • 27 Наурыз, 2024

Ақтөбе әуежайын да қар суы басты

73 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әуежайдың жұмысына еріген қар суы әсер етіп, жолаушылардың рейстері кейінге шегерілді, деп хабарлайды Egemen.kz

Ақтөбе әуежайын да қар суы басты

Фото: әуежайдың баспасөз қызметі

Әуежайдың баспасөз қызметі ағымдағы ұшу кестесін әуежай немесе авиакомпанияның ақпарат көздерінен тексеру қажет екенін ескертті.

«Ұшу-қону жолағын тазалау жұмыстарына байланысты әуежай сағат 06:30-дан 17:00-ге дейін ұшақтарды қабылдау және шығару үшін жабылды», деп хабарлады Ақтөбе әуежайының баспасөз қызметі.

Келесі рейстер кейінге қалдырылды:

SCAT/DV496/ Стамбул - Ақтөбе;

SCAT/DV1722/ Ақтөбе – Астана;

FLYARYSTAN/KC7191/ Алматы – Ақтөбе;

FLYARYSTAN/KC7192/ Ақтөбе – Алматы;

QAZAQ AIR/IQ399/ Астана – Ақтөбе;

QAZAQ AIR/IQ395/ Ақтөбе – Атырау;

QAZAQ AIR/IQ396 Атырау – Ақтөбе;

QAZAQ AIR/IQ400 Ақтөбе – Астана;

AIR ASTANA/KC863/ Алматы – Ақтөбе;

AIR ASTANA/KC864/ Ақтөбе – Алматы;

SCAT/DV5263/ Шарм-эль-Шейх – Ақтөбе;

SCAT/DV5264/ Ақтөбе – Шарм-эль-Шейх;

SCAT/DV721/ Астана – Ақтөбе;

SCAT/DV722/ Ақтөбе – Астана.