Аймақтар • 27 Наурыз, 2024

Ақкөл мен Ақшығанақтың жолында көлік қатынасы тоқтады

84 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Су тасқынына байланысты Жангелдин ауданындағы Торғай-Шеген-Ақшығанақ бағытындағы күре жол мен Ақкөл, Ахмет ауылына апаратын жолдағы көлік қатынасы үзілді.

Ақкөл мен Ақшығанақтың жолында көлік қатынасы тоқтады

Жол бойындағы жағдайды аудан әкімдігі бақылауына алған. Су жиналған жерлерде  мотосорғылар жұмыс істеп жатыр. Су шайып кету қаупі бар жерлерге инертті материал салынған қапшықтар қаланып, тосқауыл жасалып жатыр. Су жиналған жерлерде төтенше жағдай және өрт сөндіру бөлімдерінің қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлерлері сондай-ақ ауыл тұрғындары жүр. Су басу қаупі бар шаруа қожалықтары қауіпсіз жерлерге көшірілуі мүмкін.

Облыс әкімдігінің мәліметінше, Жангелдин ауданында су тасқынының алдын алу жұмыстарына 30 адам тартылған және «Камаз», «Экскаватор», жүк тиегіш трактор, МТЗ тракторы, УАЗ автокөлігі, полиция бөлімінің патрульдік көлігі, 5 мотосорғы жұмыс істеп жатыр. Түстен кейін олардың қатарына «Алюминстрой» ЖШС-нің бір экскаваторы, 1 «Камаз» жүк көлігі келіп қосылған.