Қоғам • 28 Наурыз, 2024

Қазақстан ажырасу бойынша әлемде екінші орында тұр - фейк

184 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Статистика бюросы Қазақстан ажырасу бойынша әлемде екінші орында деген ақпараттың шындыққа жанаспайтынын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Қазақстан ажырасу бойынша әлемде екінші орында тұр - фейк

Фото: pixabay.com

Бұл жалған деректің негізгі көзі worldpopulationreview.com сайтындағы мақала болған.

2022 жылдың қорытындысы бойынша ажырасу коэффициенті 1000 адамға шаққанда 2,27 құрады. 2020, 2021 жылдармен салыстырғанда коэффициенттің төмендеуі байқалады - көрсеткіш 2,56 және 2,54.

Ал 2023 жылдың ажырасу көрсеткіші бойынша қорытынды деректері алдағы сәуір айында жарияланады.

«Бюро мақала авторларына әлемдік ресурста қате берілген деректер бойынша хат жолдады. Сондай-ақ Бюро ресми дереккөздерге сілтеме жасауды және таратылатын деректерді алдын ала тексеріп отыруды ескертеді», делінген Статистика бюросы таратқан хабарламада.