
Облыс әкімі Құмар Ақсақалов кешеден бері су тасқыны болып жатқан аудандарда жүр. Жергілікті билік бұл мәселені ең қысқа мерзімде шешіп, зардап шеккендерге жан-жақты көмек көрсететін болады. Су тасқынынан болған шығын мөлшерін есептейтін арнайы комиссия құрылды және халыққа келген шығындардың бәрі өтелетін болады.