Аймақтар • 28 Наурыз, 2024

Жағдай әлі де күрделі: Қостанай облысында 390 адам құтқарылды

160 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның бірнеше өңірінде қар еріп, елді мекендерді су басып жатыр. Қостанай облысында жағдай әлі де күрделі. Осы орайда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Асылбек Садуов өңірде қандай шаралар қабылданып жатқанын айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жағдай әлі де күрделі: Қостанай облысында 390 адам құтқарылды

Фото: khabar.kz

24.kz сайтына сұхбат берген Асылбек Садуов 25 наурыздан бастап Қостанай облысында су тасқынына байланысты жедел штаб құрылып, үздіксіз жұмыс істеп жатқанын айтты. Облыс бойынша, тұрғындарды эвакуациялау жұмыстары жалғасып жатыр.

«Арқалық, Амангелді, Жангелді аудандарында жағдай күрделі. Мәселен, 390 адамды топан судан құтқардық. Дәлірек айтқанда, Арқалық қаласында 307 адамға, Амангелді ауданында 35 адамға және Жангелді ауданында 46 адамға көмек көрсетілді. Құтқару жұмыстары әлі де жалғасады», деді Асылбек Садуов.

Оның айтуынша, үйлерін су басып қалған тұрғындарға көмек көрсету мақсатында үш ұшақ жіберілді. Құтқару жұмыстарына Қарағанды облысының 50 әскери қызметкері қатысып жатыр. Одан бөлек Қызылорда облысынан қосымша 31 адам мен 6 арнайы техника жұмылдырылды.