Фото: bbc.com/
«Мәскеудегі теракт құрбандарының саны 551 адамға жетті», делінген жазбада.
Михаил Мурашко олардың басым көпшілігіне амбулаторлық көмек көрсетілгенін қоса айтты.
Одан бөлек 74 адам федералды мекемелердің ауруханаларында, Мәскеу облысы мен Мәскеудегі ауруханаларда ем қабылдап жатыр. Үш науқастың жағдайы өте ауыр.
Еске салайық, 22 наурызда Мәскеу қаласындағы «Крокус Сити Холл» ғимаратында теракт болды. Лаңкестер мәдени іс-шараға жиналған жұртқа оқ жаудырған.