Қоғам • 29 Наурыз, 2024

Әскерилер су басқан ауыл тұрғындарына жәрдемдесті

121 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Авариялық-құтқару жұмыстарына жергілікті атқарушы органдар, төтенше жағдайлар жөніндегі бөлімшелер, басқа да күштік құрылымдар мен мердігерлік ұйымдар жұмылдырылды, деп хабарлайды Egemen.kz

Әскерилер су басқан ауыл тұрғындарына жәрдемдесті

Фото: Қорғаныс министрлігі

Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, Батыс Қазақстан облысы аумақтық қорғаныс бригадасының 32 әскери қызметшісі подполковник Тимур Үмбетқалиевтің басшылығымен Сырым ауданындағы авариялық-құтқару жұмыстарына қатысып жатыр.

Қорғаныс министрлігі

Еріген су Қособа ауылын да басып қалды. 28 наурыздың кешінде басталған эвакуациялау жұмыстары түнгі екіге дейін жалғасқан. Қарулы күштердің 99250 әскери бөлімі әскери қызметшілерінің үйлесімді іс-қимылы нәтижесінде эвакуациялау пункттеріне 250 адам жеткізілді.