Аймақтар • 29 Наурыз, 2024

Ұлытау облысында 9 қыстақты су басу қаупі сейілді

269 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Ұлытау облысы аумағында су тасқыны кезеңі біршама күрделі болғанымен, штаттық режимде өтіп жатыр. Бұл туралы облыс әкімдігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Ұлытау облысында 9 қыстақты су басу қаупі сейілді

Облыста күн райының күрт жылынуы, қардың жылдам еруі салдарынан гидрологиялық ахуал 25 наурыздан күрделене бастаған. Қазіргі таңда жағдай толық бақылауға алынды. Жергілікті атқарушы органдар мен төтенше жағдайлар департаменті, полиция қызметкерлері тәулік бойы кезекшілік атқарып, қауіптің алдын алып отыр.

Дер кезінде қолға алынған алдын алу шараларының арқасында облыстың Жаңаарқа, Ұлытау аудандарындағы 66 тұрғын үй мен 9 қыстақты су басу қаупі сейілді. Құтқару, алдын алу шаралары барысында барлығы 108 адам, оның ішінде 56 бала эвакуацияланды. Қауіпсіз орынға 349 бас ірі қара, 858 бас ұсақ мал және 17 бас жылқы малы айдалды.

Ма
«Облыс аумағында құтқару жұмыстарын үйлестіру үшін жедел штаб жұмыс істеп тұр. Осы уақыт ішінде облыстық, аудандық маңызы бар 3 автокөлік жолының кейбір учаскелерін су шаю оқиғасы тіркелді. Қазір аталған жол учаскелері қалпына келтіріліп жатыр. Жалпы, өңірде республикалық, облыстық маңызы бар негізгі жолдарда қатынас үзілген жоқ, электр, жылу желілері, басқа да тіршілік қамтамасыз ету нысандары штаттық режимде жұмыс істеп тұр», деді облыс әкімінің орынбасары Ұлантай Үсенов.

Әкімдіктер мен төтенше жағдайлар қызметінің су бөгеу жұмыстарына өңірдегі кәсіпорындар мен бизнес нысандары, еріктілер де қол ұшын созды.

Оу

Облыс орталығындағы Кеңгір су қоймасы 29 наурызда қар суының есебінен жобалық қуатына толды. Артық су арнайы шлюз (шандор) арқылы Кеңгір өзеніне ағызылып жатыр.  
Пн