Аймақтар • 28 Наурыз, 2024

Екідің елді мекенінде 12 адам құтқарылды

35 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Қостанай облысы Екідің елді мекенінің маңындағы Қонай қыстауынан 12 азамат құтқарылды, деп хабарлайды Egemen.kz Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Екідің елді мекенінде 12 адам құтқарылды

фото: ҚР ТЖМ

Құтқару жұмыстары Ми-8 тікұшағымен жүргізілді. Құтқарылғандар жақын маңдағы елді мекендерге жеткізілді. Оларға медициналық көмек қажет емес.

Айта кетейік, әлеуметтік желіде «Екідің ауылында 26 үй суға кетті» деген ақпарат тараған еді. Аталған ақпарат жалған болып шықты.