Аймақтар • 31 Наурыз, 2024

Атырау облысының Қызылқоға ауданында төтенше жағдай жарияланды

985 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Аудан орталығы – Миялы ауылына Ойыл өзенінен тасқын судың кіру қаупі төнді. Осыған байланысты ауданда төтенше жағдай жарияланып, ауыл тұрғындарын қауіпсіз жерге көшіруге шешім қабылданды, деп жазады Egemen.kz.

Атырау облысының Қызылқоға ауданында төтенше жағдай жарияланды

Қызылқоға ауданы әкімдігінің мәліметінше, тұрғындарды қабылдау үшін Миялы ауылындағы Ы.Шөреков атындағы мектеп-гимназия, Х.Досмұхамедов атындағы орта мектеп пен «Нұр-Шуақ» балабақшасы дайын тұр.

«Арман» мәдениет үйі мен «Жаңа арна» мекемесінің ғимаратына жиналу сұралады. Бірінші кезекте әйелдер, балалар, науқас адамдар, үш топтағы мүгедектер көшіріледі», деп хабарлады аудандық әкімдіктен аудан тұрғындарына.