Қоғам • 31 Наурыз, 2024

Ақтөбе облысының тұрғындарына гуманитарлық көмек жеткізіледі

124 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Ұлттық ұлан авиациясының Ми-171Е тікұшағының экипажы Ақтөбе облысында су тасқынынан зардап шеккен адамдарды эвакуациялауға және тасымалдауға атсалысып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz Ұлттық ұланның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақтөбе облысының тұрғындарына гуманитарлық көмек жеткізіледі

Атап айтқанда, әуе кемесінің командирі — подполковник Қанат Ахметов, тікұшақ эскадрильясы командирінің инженерлік-авиациялық қызмет жөніндегі орынбасары — подполковник Асхат Жукин, штурман - аға лейтенант Нұрболат Советбеков су басқан аудандардан азаматтарды құтқару үшін әуеге көтерілді.

К

«Қазіргі уақытқа дейін Шығанақ Берсиев атындағы ауылдық округ пен Қаратау ауылынан 142 адам эвакуацияланды, олардың ішінде 85 бала бар. Олар Ақтөбе облысы Ойыл ауданының Ойыл ауылына көшірілді. Қауіпсіз жерге жеткізілгендердің басым бөлігі қариялар, балалар мен әйелдер. Сондай-ақ Ұлттық ұланның әскери борттарының экипаждары Ақтөбе мен Оралда да белсенді жұмысын жалғастырып жүр. Ол жақтарда әуе көлігімен нан, су, макарон, картоп, консервілер жөнелтілді», деді подполковник Қанат Ахметов.

Кейбір елді мекендердегі су бір метрге дейінгі биіктікке немесе одан да жоғары деңгейге көтерілген. Сондықтан ұландықтар ТЖМ жеке құрамымен бірлесіп су қоймалары мен өзендердің толымдылығына мониторинг жүргізеді. Қазіргі уақытта Ақтөбе, Сазды, Ащысай және Жартас су қоймалары транзиттік режимде жұмыс істеп тұр. Суды белсенді ағызу жүзеге асырылып жатыр. Жинақтау режимінде Қарғалы су қоймасы орналасқан. Әкімдіктер су тасқыны жағдайының шиеленісу қаупі бар өңірлерде алдын алу іс-шараларын жүргізуге кіріскен. Қажет болған жағдайда қосымша күштер мен құралдар тартылады.

Р

Өткен тәулікте, тәуліктің түнгі уақытын қоса алғанда, құтқарушылардың, еріктілердің және Ұлттық ұлан әскери қызметшілерінің бірлескен күш-жігерімен аса қауіпті және қауіп төнуі мүмкін учаскелерде 250 тонна инертті материалдар жиналып, су жағасына құм толы 600 қап төселген. Сонымен қатар 800 текше метр су шығарылған.