Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, су полициясының қызметкерлері тұрғындарды эвакуациялауға көмекке келді.
«Тасқын су Қызылқоға ауданының орталығы – Миялы ауылынан шығатын айналма жолды шайып кетті. Қазір жол қозғалысы тоқтады. Су полициясының қызметкерлері 1 сәуірден бері Тайсойған ауылынан 100-ден астам тұрғынды моторлы қайықпен эвакуациялады. Бүгін, 2 сәуірде таңғы сағат 7-ден бері Көздіқара елді мекенінен 30-ға жуық тұрғынды эвакуациялау басталды», деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.